Сәуле Әбішева: Қазақтың көкейкесті арманы болған азаттыққа жету — үлкен бақыт
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақтың біртуар азаматтарының аңсап кеткен арманын Ұлт көшбасшысы - Нұрсұлтан Назарбаев жүзеге асырды. Бұл туралы Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік мемориалдық «Алтын емел» музейінің директоры, «Құрмет» орденінің иегері Сәуле Әбішева айтты. «Тәуелсіздік сөзі біздің қанымыз бен жанымызды бір құрамдас бөлігі. Қазақ жері мен елі ата-бабамыздың кейінгі ұрпаққа қалдырға баға жетпес мұрасы. Еліміздің маңызды мерекесіне арналып кеудеме тағылып жатқан «Құрмет ордені» қазақтың мақтан тұтар перзенті, ғалым Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановқа деген құрметпен берілді деп ойлаймын. Мен «Алтын емел» музейін 30 жылдан бері басқарып келемін. Қамшының сабындай қысқа ғұмырында небәрі 30 жылда Шоқан Қазақстанның елдік дәрежесін көтеріп, өзге өркениетті елдермен терезесі тең болуын аңсап өткен.…