Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықова Беларусь Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Н.И.Качановамен кездесті
2015 жылғы 25 қыркүйек. Санкт-Петербург қаласында Еуразиялық әйелдер форумының екінші күні аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықова Беларусь Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Н.И.Качановамен кездесті. Гүлшара Әбдіқалықова екі ел арасында жылы шырайлы, өзара сенімге құрылған қарым-қатынастың орныққан айтты, сондай-ақ екіжақты ынтамақтастықты нығайтуда Қазақстан мен Беларусь елдерінің көшбасшылары елеулі рөл атқарып келе жатқанын айрықша атап көрсетті. Тиімді серіктестіктің негізі үшін әртүрлі деңгейде қол қойылған бірнеше ондаған тараптық құжаттармен есептелетін өзара іс-қимылдың нормативті-құқықтық базасын атауға болады. Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықова сондай-ақ, Әзірбайжан Республикасының Отбасы, әйелдер және балалар мәселелері жөніндегі мемлек…