Тұрақты даму журналистикасы
Тұрақты даму журналистикасы - дуалды оқыту жүйесін талап етеді Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Тұрақты даму мақсатындағы халықаралық журналистиканы оқыту модельдері» тақырыбымен өткізілген халықаралық конференцияда БАҚ өкілдері, халықаралық ұйымдар мен ғалымдар отандық және әлемдік журналистиканың даму үрдістерін және таяу болашағын талқылады. Аталған конференция IV Халықаралық Фараби оқулары және БҰҰ академиялық ықпал Хаб бағдарламасының аясында Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының қолдауымен журналистика факультетінде биыл екінші рет өткізіліп отыр. Конференцияға қатысқан ЕҚЫҰ, «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау ұйымы, "MediaNet" Халықаралық журналистика орталығы, «Түркі тілдес журналистер қоры» ҚҚ, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы өкілдері Қазақстанд…