«ЗТМО мен „Казпочта“ АҚ туралы Мобильді ХҚКО»
«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуынша, мобильдік ХҚКО-лардың басты міндеті – бұдан бұрын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін аудандық орталықтарға баруға мәжбүр болатын шалғай елді мекендерде тұрып жатқан азаматтардың ақшасы мен уақытын үнемдеу. «Әлбетте, біз қаншалықты көп қызмет көрсетсек, соншалықты халыққа да қолайлы болмақ. Сондықтан да біз ЗТМО мен «Қазпочта» АҚ басшылығының ұсынысын, яғни олардың қызметкерлерінің Мобильдік ХҚКО-лармен бірге сапарға шығып, өз бағыттары бойынша қызметтер көрсетуін ынтызарлықпен қолдадық.
ЗТМО қызметкерлерінің халыққа барынша маңызды әлеуметтік қызметтерді көрсететіндігін атап өту керек, атап айтсақ олардың ішінде жәрдемақылар, зейнетақы төлемдерін тағайындау бар, ал «Қазпочта» АҚ қызметкерлері азаматтарға зейнетақы төлемдерін, әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау үшін шоттар ашуға көмектеседі, зейнетақыны жеткізетін болады және т.б. Қазіргі уақытта Қазақстанда 70 мобильдік ХҚКО қызмет ететіндігін атап өту керек.
