Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Zoom платформасында«Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу»бойынша жедел топ

Zoom платформасында «Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу» бойынша жедел топтардың кездесуі өтті. Кездесуге аудандық білім бөлімінің әдіскері Ж.Байтұрғанова, аудандық полиция бөлімінің ЖҚПБ ювеналдық полиция тобының учаскелік инспекторы Қ.Қойшыбаева, аудандық жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы М.Тұрсынбаев және белсенді жастар қатысты. Бүгінгі таңда өзекті мәселенің біріне айналған зорлық-зомбылыққа қарсы жасалып жатқан тақырып аясында аудандық білім бөлімі және аудандық полиция бөлімінің атқарып жатқан жұмыс бағыты баяндалып, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап алып, ой-пікірлерін ортаға салды.

Осы тақырып бойынша