Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Өзіне-өзі қызмет көрсету орталығының артықшылықтары

Қазіргі таңда ХҚКО-тарында өзіне өзі қызмет көрсету арқылы атап айтқанда «Connection Point» алаңдары жұмыс атқаруда www.egov.kz. Онда қызмет алушылар операторды күтпей-ақ, өз беттерімен электрондық қызметтерді пайдалана  алады.

Қажетті мемлекеттік қызметті тұтыну үшін клиенттің ЭЦҚ-сы (электрондық цифрлік қолтаңба) болу керек. Егерде ЭЦҚ-сы жоқ азматтарға ХҚКО бөлімінде E.gov, бұрышына жүгінуді сұраймыз. Электрондық цифрлық қолтаңбасы бар кез-келген адам кезек күтпей «Connection Point» аймағының кеңесшілері арнайы жабдықталған орында қызметті электрондық үкімет порталында өздігіңізден жұмыс жасауыңызға болады.

Электрондық үкімет порталының «Connection Point» секторларынан азаматтардың ең жиі пайдаланатын қызмет түрлерінің бірі. Атап айтқанда мысалы : мекен-жай,  қозғалмайтын мүліктерінің бар-жоқтығы туралы анықтамалары, зейнетақылардың аударымы туралы анықтамалар және нәрестені балабақша кезегіне қойып, ата-тегі мен есімін өзгеруге өтініш беріп, жеке кәсіпкерлігін тіркей алады.Сонымен бірге мемлекеттік баж, салық, жол қозғалысын бұзғандығы үшін айыппұлды, коммуналдық қызмет ақысын қалай төлеуге болатындығын және бұдан басқа 2000 астам мемлекеттік қызмет түрін алуға болады. Бүгінде электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдетуге, әрі жылдамдатуға мүмкіндік туды. Бұл да бір электронды үкімет порталының бір жетістігі. Аталған жүйе аймақ тұрғындарына электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді өзгенің көмегінсіз уақытты үнемдеу  мүмкіндігі бар.

"ХҚКО" РМК Жамбыл облысы бойынша филиалы

Тараз қалалық №2 бөлім

 
0
0
1296

Осы тақырып бойынша

Өзіне-өзі қызмет көрсету орталығының артықшылықтары - Yvision.kz