«Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы «6» қыркүйектегі № 1160 қаулысы бойынша жүргізіледі.
«Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы 29-бабының 4-тармағы негiзiнде жүзеге асырылады.
Қызмет түрін тұтынушылар ҚР Салық кодексінің 456 бабына сәйкес өзінің жеке кредиттік карталарымен мемлекеттік баж салығын картреидер арқылы төлей алады. Бұл тұтынушының бір жерде барлық қызмет түрлерін тұтынуға мүмкіндік береді. Кредиттік карта тұтынушының жеке басы куәлігімен сәйкес келуі тиіс. Басқа жақын туыстары мен өзге таныстарыныкемен қызметтің баж салығын төлеуге жол берілмейді.
Сонымен қатар тұтынушы төмендегідей құжаттарды ұсынуы керек. Аталмыш стандартқа сайкес:
1) 3 және 4-қосымшаларда сәйкес белгiленген үлгiдегi мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiштi;
2) мемлекеттік қызметті алушының (жеке тұлғаның) және мемлекеттік қызметті алушының уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесін;
3) жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын және (немесе) жер учаскесiне сәйкестендiру құжатын қоса бере отырып, тіркеу объектісін растайтын құқық белгілеуші және өзге де құжаттарды;
4) бюджетке тіркеу алымы сомасын төлегенiн растайтын құжатты ұсынады.