Жуырда Павлодар қаласында Ертіс күні мейрамын екінші рет атап өтілді
Жуырда Павлодар қаласында Ертіс күні мейрамын екінші рет атап өтілді
2014 жылдың 7 қыркүйегінде алғашқы тамаша мейрам - «Ертіс күні» тойланды. Осы жылы да дәстүр жалғастырылды, үш күндік ағызысу кемелердің шеруімен аяқталды. Осы жылы бұл мереке географ, этнограф, публицист, фольклор, ботаник – Григорий Потаниннің құрметіне арналып отыр. Осындай мереке шеңберінде Ертіс өзені, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аймақтарының бірі, табиғат ескерткіші – «Гусиный перелет» жайлы дерек фильмі түсірілді.
Ертіс бойы үшкүндік 120 километрді қамтитын ағызысу старты 3-ші қыркүйек күні Ямышев ауылынан берілді. Келесі күні Усолка шағын ауданында Ертіс өзені студенттік жастар еңбек жасақтары «Жасыл Ел» облыстық штабымен бірігіп сенбілік ұйымдастырды.
Ал 5 қыркүйек күні күні Орталық Жағажайда Ертіс өзені тақырыбына Павлодарлық суретшілердің пленэрі, сонымен бірге «Ертіс – достық өзені» облыстық фестивалі, Ямышево-Павлодар шлюпкалық ағызысу мәресі, павлодарлық айтулы қолөнершілер жәрмеңкесі, шығармашылық «Ертіс сыйлары», «Ертістің сан бояулы қылқаламы» музыка-поэзиялық марафоны өтті.
Биыл ағызысуға мынадай кемелер қатысты: «БТ-323» буксир катері, «Вихрь», «Дозорный», «Кочевник» теплоходтары, «Вега» және «Монтажник» кемелері. Кіші кемелер шеруін Александр Ковальский өзінің Қазақстандағы жалғыз болып саналатын «Р-2000» глиссерімен ашты.
Марафонның қорытынды сәті болып Ертіс мәселелері, оны қолдану мен зерттеуге арналған «дөңгелек үстел» мәжілісі саналды. Оған Қазақстан ұлттық географиялық ұйымының мүшесі, Павлодар география Үйі өкілдері, ағартушылар, Ертіс бойымен ағызысу қатысушылары, өлкетанушылар, Қарағанды және Барнауыл қонақтары қатысты.
