Жолдарда жемқорлықты азайту бойынша 10 қадам
А.ж. 26 қазанда Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Беспалиновтың «Жолдарда жемқорлықты азайту бойынша 10 қадам» тақырыбында брифингтісі болып өтті. Брифингте сондай-ақ, Ақмола облысы ІІД бастығының орынбасары Р.Жанбеков және Ақмола облысы бойынша Көлік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары Ж.Маралбаев баяндама жасады.
Брифинг барысында Б.Беспалинов қатысушыларды Жолдарда жемқорлықты азайту бойынша 10 қадам жобасының жүзеге асырылу барысымен таныстырды. Атап айтқанда, жоба жүзеге асырылу барысында ІІД Әкімшілік полициясы және Көлік бақылау инспекциясы қызметіндегі жемқорлық тәуекелдеріне жасалған талдау мен оларды жою бойынша ұсыныстарды. Сондай-ақ, тұрғындар арасына жол жүру ережелерін түсіндіру бойынша жүргізілген ақпараттық жұмыс жөнінде баян етті.
Сонымен қатар, Р.Жанбеков пен Ж.Маралбаев спикерлер ведомстволар қызметкерлері арасында жемқорлық көріністерін болдырмау және алдын-алу, жемқорлыұқ тәуекелдерін жою және мемлекеттік қызметтерді көрсетуде әкімшілік тосқауылдарды азайту бойынша атқарылған жұмыс жөнінде баяндады.
Атап өтетін жайт, Жолдарда жемқорлықты азайту бойынша 10 қадам жобасының жүзеге асырылуы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қызығушылығын тудырды және Жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыс алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Брифинг қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін қызықтырған барлық сұрақтарға толық жауап берілді.
