Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Жол-патрульдік полициясы қызметкерлері мен жол қозғалысы қатысушыларының арасындағы тікелей қарым-қатынасты кемітудің өзекті аспектілері: мәселелері және шешу жолдары»

Бүгінгі таңда бұқара санасында жемқорлық түйіткіл мәселелерді шешудің оңтайла әдісі ретінде қарастырылады. Жемқорлықтың мұндай түрі халық арасында жаппай  жемқорлық сананың қалыптасуына, мемлекеттік аппараттың, соның ішінде, жас мамандардың ыдырауына алып келеді. Осылайша жемқорлықпен күресте біріктіруші күш жастар мен үкіметтік емес ұйымдар болып табылады.

Осы орайда, 2017 жылғы 19 маусымда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаментінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын орындау аясында «Жасыл болашақ» ҚҚ «Жол-патрульдік полициясы қызметкерлері мен жол қозғалысы қатысушыларының арасындағы тікелей қарым-қатынасты кемітудің өзекті аспектілері: мәселелері және шешу жолдары» тақырыбында облыстық конференция өткізді.

Аталған шараның басты мақсаты жалпы құқық қорғау органдарында, соның ішінде, ішкі істер органдарындағы жемқорлықтың азаматтар құқықтарын қорғау субъектілердің жойылуына алып келу себебінен ерекше қауіптілігін ашып көрсету болды

Конференцияда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Д.Хайруллин, Ақмола облысы ЖПҚ бастығының орынбасары, Көкшетау қ. ІІБ бастығының орынбасары, «Жасыл болашақ» ҚҚ төрағасы М.Әбішева, жол-патрульдік қызмет сақшылары, жол полициясы ардагерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

0
0
333

Осы тақырып бойынша