«Жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі
Мемлекеттік қызметті жоғары оқу орындары көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті жоғары оқу орындары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі- ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Қызмет алушы қызмет түрін алу үшін жоғары оқу орындарына және халыққа қызмет көрсету орталығына қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап бір айдан кешіктірмей ала алады.
Қызмет алушы Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінген кезінде мына құжаттар топтамсын:
1) Белгіленген нысан бойынша ХҚО басшысының атына білім туралы
құжаттың жоғалу мән-жайлары немесе басқа да себептері көрсетілген өтініш;
2) құжаттың нөмірі мен тіркелген күнін көрсете отырып, құжаттың
жоғалғандығы туралы мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланған хабарландырудың көшірмесі;
3) көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігінің түпнұсқасы
(салыстыру үшін);
4) қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының тегінің
(атының, әкесінің атының) өзгергенін растайтын құжат;
5) жарамсыз немесе алдыңғы жылдары толтырған кезде қателері бар
(болған жағдайда) білім туралы құжаттың түпнұсқасын ұсыну қажет.
«ХҚКО» РМК-ның Жамбыл
облысы бойынша филиалының
Талас аудандық бөлімінің инспекторы Е.Е. Умиралиев
