Жоғарғы Соттың Департаменті «Қазконтент» акционерлік қоғамымен меморандумға қол қойды
Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті мен «Қазконтент» АҚ арасында Өзара ынтымақтастық және ақпарат алмасу туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа Жоғарғы Сот атынан Департамент басшысы Испанов Ілияс Сапарбекұлы, ал «Қазконтент» АҚ атынан ұйымның Басқарма төрағасы Қыдырма Айдос Арғынбайұлы қол қойды.

