Жоғарғы Сотта жергілікті соттардың судьяларын оқыту бойынша кезекті бейнедәріс өтті
Жергілікті соттардың судьяларын қашықтықтан оқыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде Жоғарғы Сотта облыстық және оған теңестірілген соттармен бейнебайланыс арқылы «Мүлікті тыйым салудан босату» тақырыбында кезекті бейнедәріс өтті. Дәрісті Жоғарғы Сот судьясы Н.Сисенова оқыды.

