Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жетісулық партияластар әрдайым алдыңғы қатарда

Маңызды бастама Елбасы, партия лидері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы бойынша – ел тарихында тұңғыш рет республика көлемінде өтіп, партия жүйесінде тиімділігін көрсетті, партия жұмысын «қайта жандандыру» бағдарламасының негізгі кезеңдерінің бірі болып, нәтижесі де айқын болды.

Ел ішінде үлкен жаңалыққа ие болған бұл іріктеуге өңірімізден 1116 үміткеріміз тіркеліп, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар 1047 үміткеріміз соңғы кезеңіне дейін қатысты. Бәйге ретінде өткен іріктеумізде 69 қатысушымыз әр кезеңде қатысудан бас тартып, бұл өз кезегінде бәсекелестікті арттырды, 1 мандатқа 3 үміткер таласқа түсті.

Ұйымдастыру комитеті ретінде біз облыс әр аудан-қалаларда барлық қатысушыларға теңдей мүмкіндік жасап, әдістемелік көмек көрсетіп, праймериз ережесінің негізгі талаптары бойынша ауқымды түсіндірме шаралары жүргізілді. Бұл әр ұйымдастыру комитеті мүшесінің атқарған еңбегі деп білемін.

Үгіт-насихаттық кезең ауқымды сипатқа ие болып, үміткерлеріміз шалғай ауылдан бастап үлкен қалаларға дейін әр нұротандыққа, әр тұрғынға партия филиалының сайлауалды бағдарлама жобасы негізінде құралған өздерінің мақсат-міндеттерін түсіндіріп, 2 мыңнан аса өткен кездесудегі 130 мыңға жуық халықтан 1000-нан аса ұсыныс аманаттарын жинады. Қуантарлығы, бұл айтылған ұсыныстардың жартысынан көбі біздің сайлауалды бағдарлама жобасына енгізілген. Бұл дегеніміз, біздің бағдарлама қоғамның үнінен шығып отырғандығын аңғартады. Заманауи технологияны қолдай отырып, үміткерлеріміз онлайн кездесу, Zoom, Skype конференция арқылы шаралар өткізіп, сандық технология QR-код әдісінде үгіт парақшаларында кеңінен пайдаланды.

Партияішілік іріктеуде үміткерлердің саяси шыңдалатын кезеңі ол, пікір- сайыстарға қатысу болды. Сөз додасына қатысқан әр үміткер тек сайлауалды бағдарлама жобаларын түсіндіріп ғана қоймай, нақты іске асыру жолын да атап өтті. Бұл, өз кезегінде үміткерлеріміз өңірдің мәселелерінің шешілу жолындағы ұсыныстары, азаматтық бастамалары қуантады.

Әр үміткерге, жалпы партияда маңызға ие – ол дауыс беру кезеңі болды. Жетісулық партияластарымыз 1 қазан түңгі 00.00-ден онлайн дауыс беру басталған сәттен белсенділігін көрсетіп, алғашқы дауыс беруші декреттік демалыстағы жас маманымыз ие болды. «Праймериз» қосымшасы, әрі веб-портал арқылы 68 мыңнан аса партияластарымыз дауыс берсе, 3 қазан күні дауыс беру учаскелері ашылып, дәстүрлі, яғни қағаз бюллетендер арқылы дауыс бергендер саны 8 924 азаматты құрады. Жетісулықтардың белсенді дауыс беру аясында біз, республика бойынша алдыңғы шепке шығып, қатысу көрсеткіші бойынша 94,2%-ға жеттік.

Енді біздің жұмыс бұнымен тәмамдалған жоқ. Алдағы уақытта аудан-қалалық конференцияларда дауыс көп жинаған үміткерлеріміздің пікір-сайыстары өткізіліп, жоғары нәтиже жинағандары облыстық конференцияда өздерінің көшбасшылық қасиеттерін көрсетпек. Қорытындысында ел үмітін арқалайтын, елдің мұң-мұқтажын билікке жеткізіп, алтын көпір болатын партияластарымыздың тізімі жасақталмақ.

Біз праймериз арқылы қоғамдағы жаңа тұлғаларды танып білдік. Бәйге секілді жеңгендер, жеңілгендер болады. Осы орайда, дауыс көрсеткіші төмен үміткерлерді шетке шығармай, олардың қабілеттерін партияның бақылау, консультативті-кеңесші және басқа да органдарында пайдаланып, кеңінен бірлесе жұмыстарды атқарамыз деп жоспарлап отырмыз.

Қорытындылай келе, праймериз ел ішінде үлкен маңызға ие болды және қорытындысында ел дамуы жолында өз нәтижесін береді деген сенімдемін. Алар асуларымыз әлі алда және осы жолда Жетісулық партияластарымызбен жеңісті жетістіктердің куәсі боламыз деген мақсатты алға қоямыз.

Жанболат Жөргенбаев – «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

0
0
186

Осы тақырып бойынша

Жетісулық партияластар әрдайым алдыңғы қатарда - Yvision.kz