«Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілер беру»
Үкіметтің Қаулысына және №102Қаулыға сәйкес 4 мемлекеттік қызмет түрі баламалы түрде жүргізіледі. Оның ішінде «Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілер беру» мемлекеттiк қызмет көрсетуі бойынша мынадай мәлімдемелер берді.Негізгі қызмет көрсету мерзімі тұтынушы қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi - 6 жұмыс күнi, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн - 6 жұмыс күнiнде.Жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiнi дайындау жөнiндегi қызметтi мамандандырылған кәсiпорын жүзеге асырады, ақылы болып табылады және заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген нормалар мен бағаларға сәйкес орындалады.Жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiнi дайындау үшiн ақы төлеу екiншi деңгейдегi «БТА» АҚ-ның банкте мамандандырылған кәсiпорынның есеп шотына не мамандандырылған кәсiпорынның кассасында жүргiзiледi.Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн:уәкiлеттi орган осы стандарттың 12-тармағында көрсетiлген қабылданған құжаттарды тексередi және 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде жер учаскесiне жеке меншiк құқығына арналған актiнi дайындау үшiн мамандандырылған кәсiпорынға жолдайды.Мамандандырылған кәсiпорын 4 (төрт) жұмыс күнi iшiнде жер учаскесiне жеке меншiк құқығына арналған актiнi дайындайды, уәкiлеттi органға бередi.Дайындалған жер учаскесiне жеке меншiк құқығына арналған актiнi уәкiлеттi орган 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде тексередi, басшы (немесе басшының мiндетiн атқарушы) қол қояды, елтаңбалық мөрмен растайды, жер учаскесiне жеке меншiк құқығына арналған актiнi беру кiтабына тiркейдi.Қателер мен дәлсiздiктер анықталған жағдайда, құжаттар сол күнi оларды жою үшiн мамандандырылған кәсiпорынға қайтарылады.Мемлекеттiк қызмет мынадай негiздер бойынша тоқтатыла тұрады.1) аталған жер учаскесi бойынша сот шешiмдерiнiң болуы не сот қарауы жүрiп жатқаны туралы хабарламаның болуы;2) заңнама нормаларының бұзылуы жойылғанға дейiн прокурорлық қадағалау актiсiнiң болуы;3) бiр учаскеге құқықты ресiмдеуге қатысты бiрнеше өтiнiштiң болуы немесе құқықты ресiмдеу үдерiсiнде осы жер учаскесiнiң басқа да пайдаланушылары анықталған кезде.Тұтынушы ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысымен бекітілген стандарттың 12-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынбаған жағдайда, мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартатын болады.«Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілер беру» қызметін көрсету бойынша төменднгідей құжаттар тізімі қажет.1) Өтініш;2) Түбіртек;3) Жеке меншікке құқық беру актісі;4) Жеке куәлік (көшірме);5) Меншік иесінің құқықтық дәлелдеме құжаттары.
