Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жемқорлыққа қарсы заңнама түсіндірілуде

2017 жылдың 12 қыркүйегінде «Адал жол — честный путь»  сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Шортанды ауданының 18 өрт сөндіру бөлімінде АНТ мүшелері  сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша жеке құраммен әңгіме өткізді.

Дөңгелек үстел отырысына аудандық АНТ мүшелері Е. Д. Жапаров, Қ. С. Сұлтанғалиев, С. Қ.Тәукелов қатысты.

Кездесу өткізу барысында 18ӨСБ қызметкерлері  жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және  ескерту қажеттілігі бойынша  мәселенің маңыздылығы туралы біріңғай пікірге келді. Сондай-ақ  өрт қауіпсіздігі саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінде тексеру жүргізу мәселесі қарастырылды.

 
0
0
322

Осы тақырып бойынша

Жемқорлыққа қарсы заңнама түсіндірілуде - Yvision.kz