Жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның отырысы
А.ж. 31 тамызда Степногорск қ. әкімдігінің мәжіліс залында «Адал жол - Честный путь» жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Степногорск қ. әкімдігі жанындағы жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияының отырысы өтті. Қатысушылар мемлекеттік және азаматтыөқ қызметкерлер.
Комиссия отырысы барысында қала әкімі аппаратының басшысы В.Бессуднов мемлекеттік қызметкерлермен этикалық нормаларды және заңнаманың сақтауы туралы баяндады. Сондай-ақ, жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Нығметов мемлекеттік органда «ҚР Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңы талаптарының сақталуы туралы және «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ш. Омарова «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарының орындалуы, атап айтқанда, жемқорлыққа қарсы партиялық бақылау туралы баяндама жасады.
Отырыс соңында мемлекеттік органдарға жемқорлықтың алдын алу бойынша ұжымдармен кездесулер өткізу қажеттігі жөнінде айтылды.
