Жемқорлыққа қарсы флешмоб
Шортанды ауданының жастары Ш.Рахымжанов атындағы мәдениет және демалыс саябағында жемқорлыққа қарсы флешмоб ұйымдастырды. Флешмобқа қатысушылар аудандық мәдениет үйіне жиналып, жемқорлық пен парақорлықтың теріс құбылыс екендігін, оны тек қана біріге отырып ен және онымен үнемі күресе отырып қана жеңе алатынымызды барлығына көрсеткілері келді. «Қазақстанның болашағы – біздің қолымызда!»/ «Будущее Казахстана – в наших руках!», «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – мықты ел!»/ «Страна без коррупции – сильная страна» - мектептерде, балабақшаларда және колледждерде парақорлыққа қарсы осындай ұрандар айтылды. Флеш-мобқа 50 адам қатысты.
