ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Желідегі «жезтырнақтар»

-«Жезтырнақтар» дейсіз бе?  Желіде?  Қалай ол?

-Кәдімгідей... Тұрағы алыста болса да, ұзын тырнағы алқымыңнан алатын жезтырнақтар пайда болды.


Бұрындары қолдарын ұзын жеңдеріне жасырып жүріп, жалғыз жүрген адамдарға шабуыл жасайтын жезтырнақтар туралы ертегілер мен аңыздардан естуші едік. Ал қазір сол мифологиялық персонаждар шындыққа айналып кеткендей. Бүгінгі техниканың тез дамып, әлем ғаламторға көз тіккен заманда олар жекелеген адамдарды қойып, бүтін бір жүйеге, жаһанды жаулаған желілерге «тырнағын» батыруға кірісті. Атап айтар болсақ, Facebook, Instagram, Whats’App, Вконтакте сынды әлеуметтік желілерді әлгі «жезтырнақтар» басты тұрағы етіп, оны қолданушыларды нысанаға алған.  Қазіргі таңда ғаламторда осыған қатысты «агрессия» термині көп қолданылып жүр. Оның қазақша баламасы «шабуыл жасау», яғни субъектінің нұқсан келтіру мақсатымен өзінен басқа адамға немесе адамдар тобына өз артықшылығын білдіріп, қыр көрсетуі немесе күш қолдануға тырысуы. Агрессияның бастапқы қарқыны ашушаңдық пен тіл тигізуден бастау алып, дөрекі түрде күш қолдануға дейін жетеді. Бұл, әрине, аталмыш терминнің шынайы өмірдегі сипаттамасы. Ал вертуалды күйде ол басқаша өрбиді.

Оған аргумент ретінде ұсынарым:

  • Жан-жануарды немесе адамды ұрып-соғып, қорлап жатқан көріністі бір адамның бейнежазбаға түсіріп алып, оны әлеуметтік желілерде жариялауы. Осы жағдай сол желіні қолданатын жас балалар мен жеткіншектердің психологиясын бұзып, сәби санасына шабуыл жасайтыны анық. Міне бұл – «жезтырнақтық» синдромының бірінші белгісі.
  • Екінші белгі: өтпелі кезеңдегі жасөспірімдердің моральдік әлсіздігін пайдалана отырып, оларды «Группы смерти», «Синий кит» сынды ойындарына тарту арқылы қорқытып, үрейлендіріп суицитке дейін жеткізуі.
  • Үшінші белгі: елдегі дәстүрлі емес діни ағым жетекшілерінің дәстүрлі діннің атын жамылу арқылы өздерін құпия немесе ашық түрде жарнамалап, қатарына қызықтыра тартып алып, сонан кейін олардың санасын бағындырып алуы. Солайша үстемдік жүргізуі.

Бір айта кететін жайт, осы аталмыш белгілердің бәрі әлеуметтік желілерде өзінің жеке парақша мен топтарының кең таралғанымен, сонымен қатар қолданушыларының да көп болуымен ерекшеленетіндігі. Бұның барлығы желіні тұрақты тұтынушылардың агрессияға бой алдырып, депрессияға түсіп кетуіне әкеп соғады. Ал еліміздегі әлеуметтанушылар аталған мәселені зерттейтін орталықтың жоқтығын алға тартып, әлеуметтік зерттеулер жүргізілмейтіндігін айтады. Психолог Марат Ғұсманов «Азаттық» радиосына берген сұхбатында адамдардың агрессияға қатысты түйткілді өз ішінен емес, сырттан іздейтіндер көп екендігіне тоқталып, «қоғамдық дертпен» күресу үшін  «күш пен дұрыс тәрбиені бірге алып жүру керектігіне» баса назар аударған.

Қорыта айтқанда, әр жеке тұлғаның терең білімі мен ақпаратты сараптайтын өзіндік сүзгісі болуы шарт. Сонда ғана желі «жезтырнақтарының» шеңгеліне түсіп қалмасыңыз анық. Агрессия қоғамның айықпас дертіне айналып кетпей тұрғанда оған тұсау салу сіз бен бізге міндет.