Жеке куәліктер мен төлқұжаттар рәсімдеу
Қазақстан Республикасы азаматтарына жеке куәліктер мен төлқұжаттар рәсімдеу Қазақсатан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандаға № 132 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.Көрсетілетін қызметті берушіге орталыққа қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап сондай-ақ порталға өтініш берген кезде-күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей дайын болған жеке куәліктер мен төлқұжаттар беріледі.Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.Қазақстан Республикасы азаматының паспортын берген үшін меслекеттік баж көлемі 400 пайызды (7928 теңге) ал Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін бергені үшін мемлекеттік баж төленген күннге белгіленген ең төменгі есептік көрсеткіштің 20 пайызын құрайды, яғни 396,20 теңге.Жеделдетілген тәртіппен жеке куілік және паспорт берген кезде меслекеттік монополия саласындағы заңнамаға сәйкес белгіленген қосымша төлем алынады. Құжаттарды жеделдетілген тәртіппен алу үшін корсетілетін қызметті берушіге орталыққа өтініш берген кезде- 7(жеті)-1989 теңге, 10(он)- 904 теңге және 15 (он бес)-563 теңге жұмыс күні ішінде дайын болады.
Орталықта көрсетілетін қызметті берушіге жеке куәлік ауыстыру үшін:
1) Жеке куәлік
2) Құжат үшін мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек (мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар растайтын құжаттарын ұсынады) ал 16 жасқа толған азаматтар орталықта көрсетілетін қызметті берушігеұсынатын құжаттар тізбесі:
1) Туу туралы куәлік
2) ЖСН нөмері
3) Құжат үшін мемлекеттік баждың төленген туралы түбіртек (мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар растайтын құжатарын ұсынады)
4) Ата-анасының біреуі немесе қамқоршысы жеке куәлік ұсынады
Республика көлемінде қазіргі таңда ескі үлгідегі жеке куәліктерді жаңа үлгідегі куәліктерге ауыстыру жұмыстары жұргізілуде. Бұл шара әр азаматтың өз қалауы бойынша және міндетті түрде ауыстырылуға жатпайды. Мерзімі аяқталған жеке куәліктерді уақтылы ауыстырмаса әкімшілк шараға ұрынып,айыппұл төлеуі мүмкін.
ХҚКО-ның инспекторы
Р.Абдуалиев
