Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметі

«Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметі

Қазақстан Республикасы Үкіметнің 31.12.2013 жылғы №1570 қаулысына сәйкес «Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметі орталықтар арқылы жүргізілуде. Өтінішті тапсырған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде жүргізілуге тиіс. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы орталыққа жүгінген кезде қажетті төмендегі құжаттар топтамасын ұсыну қажет:

  1. Белгіленген нысандағы өтініш;
  2. Жарғының (ереженiң) телнұсқасын алу туралы заңды тұлғаның  уәкiлеттi органының заңды тұлға мөрiмен бекітілген шешiмi не шешімінен үзiндi көшірме;
  3. Жарғы (ереже) түпнұсқасының жоғалғаны туралы ақпараттың мерзiмдi баспасөз басылымында жарияланғанын растайтын құжат.

Қосымша ақпараттарды орталықтардан,www.adilet.gov.kz,   www.con.gov.kz интернет-ресустарынан және бірыңғай байланыс орталыған 1414 алуға болады.

 
0
0
445

Осы тақырып бойынша