Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ЖБДО-нда ерлік сабағы

Сеңбі күні қала мектептерінің жоғары сынып оқушылары ЖБДО-нда жас ұрпаққа маңызды тақырыптардың бірі нақты жауынгерлік оқиғалар кезіндегі ерлік пен батырлық, сонымен қатар бейбітшілік уақытындағы ерлік орнын талқылауға жиналды.

Ерлік сабағын ұйымдастыруының  бастамашылары - «Десантное братство»  ҚБ жауынгерлері. Шараға  әртүрлі әскер түрлері, афган мен шешен жергілікті соғыстарының ардагерлері, Чернобыль АЭС апатының зардабын жоюға қатысушылары қатысты.

Соғыс, қаза, жауынгер жолдасын жоғалту жайлы жақсы білетін, өз бастарынан кешкен жауынгерлердің оқиғаларын балалар адал уайыммен тыңдады. Оқушылар  сұрақ қойып, өз ойларымен бөлісті. Интернационал-жауынгерлердің орындауындағы әндерді  мүлде тыңыштықта тыңдады.

Таңдаулы әскер бөлімшілердің бірі болып саналатын десантшылардың қөрсетпе орындауы  қызығушылық тудырды. Оларға ең қиын және ең  қауіпті тапсырыстарды  жүктейді. Десантшылардың әнұраны : «Бізден басқа ешкім емес»!

Осындай кездесулер нағыз ерлік, отаншыл рухты көтереді, батырларға ұқсап, өз елін қорғауға әрдайым дайын болуға тәрбиелейді.

 
0
0
792

Осы тақырып бойынша

ЖБДО-нда ерлік сабағы - Yvision.kz