«Жаздың қамын қыста ойла»
Облыстық жастар бастамаларын дамыту орталығында жазда өткізілетін іс – шаралар жайлы дөңгелек үстел өтті. Жиынға орталықтың инспекторы Айтбаев Т. қатысты және «Жастар еңбек жасағының қоғамдық бірлестігі «Жасыл ел» жайлы Капасова Р. орамды сөздерін айтты.
Жиналған студенттерге мамандар қызықты ақпараттармен бөлісіп, бос жұмыс орындары туралы мәлімет берді. Ал дөңгелек үстелдің қорытынды бөлімі көшбасшылық қасиетті дамытатын тренигпен аяқталды.
