Көп талқыға түсіп жатқан жағдай ол - блогерлер жайы. Кейбір жандар журналистер мен блогосфера саласындағы мамандарды бір -біріне қарама - қайшы пікірде деп ойлайды. Сондықтан, мен мұның ешбірін жақтап та, даттап та жатқанды жөн көрмедім. Бұл жайтқа басқа тұстан қарасақ қалай болады.
1. Журналисттер жақсы жазады, кейбір блогерлерге қарағанда. Бірақ нашар жазатын журналистер де бар.
2. Журналистер мамандықтың қыр - сырын оқып біледі, ал блог иелері түйгені мен көргені көп және жазып машықтанғаны үшін өз ойын жақсы жазып жеткізеді. Бірақ жазуға құштар, көріп білгені "көп еместерді" неге жазу - сызуға үйретпеске.
3. Қәзір көп айтылатын сөз, олар біздің нанымызды тартып алып жеп отыр. Бірақ олай емес, халыққа қосқан үлесі бар жан өз несібесінен артық жей алмайды. Ол туралы Ислам дінінде де айтып кеткен.
4. Мен өз ойымды жаза бастағаннан -ақ, қазақ тілді сайттарға жазатындар саны өте аз екенін байқадым. Неге халық болып бір - бірімізге және жастардың сауатын ашуына көмектеспеске?! Оқыған журналист пен оқымаған журналист арасы жер мен көктей. Сол сияқты жаза білмейтін журналист пен жаза білетін блогердің айырмашылығы да сондай.