Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау»

«Жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттiк қызмет стандартарты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі №393 қаулысымен бекітілген.
Мемлекеттік қызмет «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңының 5-бабы 2-тармағының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің   2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысымен бекітілген Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеудi жүзеге асыру ережесiнің негізінде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі тұтынушы бекітілген стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – он жұмыс күнін құрайды.
Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды тапсырады:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;
2) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (азаматтарды тіркеу кітапшасының көшірмесі, мекенжай бюросының анықтамасы, село және/немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы);
3) әлеуметтік жеке код беру туралы куәліктің көшірмесі;
4) салық төлеушінің тіркеу нөмірі куәлігінің көшірмесі;
5) тиісті банк операциялары түрлеріне лицензиясы бар ұйымдардың шот нөмірі не түзеу мекемелерінің арнайы шотының нөмірі туралы мәлімет;
6) еңбек кітапшасының көшірмесі;
7) ұйымның жұмыс сипаттамасын немесе еңбек жағдайларын растайтын анықтамасы.
Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтау үшін негіздеме көзделмеген. Алайда мынадай жағдайларда:
1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті барлық құжаттар ұсынылмағанда;
2) өтініш берушінің мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алу құқығы болмаған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады.
0
0
1197

Осы тақырып бойынша

«Жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау» - Yvision.kz