Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігімен бірлесіп, ағымдағы жылдың 4-5 шілдесінде Балық шаруашылығы комитеті облысаралық бассейн инспекциясы мен мемлекеттік кәсіпорындар басшыларының орынбасарлары...

Семинардың мақсаты – биоалуандықты сақтау, тауарлы балық шаруашылығы мен аквакультура дамыту саласындағы әлеуетті арттыру.
Семинар аясында қатысушылар Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасын әзірлеу барысымен, Қазақстанда биоалуандықты сақтау және орнықты пайдалану тұжырымдамасы жобасымен, балық шаруашылығының тиімділігін бағалау индикаторларымен, аквакультура саласындағы халықаралық тәжірибе мен технологияларымен, Қазақстанда тауарлы балық шаруашылығы және аквакультура қолдау тетіктерімен танысатын болады.
Семинардың лекторлары ретінде ҚР Статистика агенттігі, «Қазақ балық шаруашылығы» балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, «КазАгроинновация» АҚ агроөнеркәсіптік кешенінде экономикалық саясат талдау орталығы өкілдері, БҰҰДБ биоалуандық бойынша жобасының, ЕҚДБ сарапшылары және басқалар шақырылады.
Семинар «ҚР-дағы тауарлы балық шаруашылығы және аквамәдениет: даму әлеуеті» тақырыбында дөңгелек үстелмен аяқталады.
Байланыс:    Астана қ.,  Достық көшесі, 20,
«Санкт-Петербург» Бизнес-орталығы, 14-қабат,
тел. 8(7172) 277293, 277294

e-mail: [email protected]

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/06/104-84/

0
0
581

Осы тақырып бойынша