Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жастар жемқорлыққа қарсы

А.ж. 25 тамызы күні Степногорск қ. Жастар ресурстық орталығымен «Адал жол – Честный путь» жемқорлыққа қарсы облыстық мега-жобасын жүзеге асыру аясында қаланың белсенді жастарының қатысуымен ҚР Конституциясы күніне арналған мемлекеттік және азаматтық қызметкелер үшін «Жастар жемқорлыққа қарсы» квест ойынын өткізді.

Іс-шара қаланың орман-бақ аумағында және де жақында қолданысқа берілген кезең аралық  көпфункциялы спорттық алаңында өтті.

Іс-шара мақсаты – Степногорск қ. жастарының жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру. ЖРО мамандары мен белсенділері ойыншыларға 7 командалы және қызықты сынақтар әзірледі:

1 кезең. «Өз ойының» кезеңінде қатысушылар ҚР Конституциясы жөнінде өз білімдерін көрсету қыжет болды. Айта кететін жайт, барлық қойылған сұрақтарға жауап берілді.

2 кезең. «Жемқорлық торы» кезеңінде қатысушылар құрылған тордан шатыспай және торды үзбей өтуі қажет болды. Жастар бұл кезеңнен бір-біріне қол ұшын беріп, оңай өтті.

3 кезең. «Мина  қойылған аймақ» кезеңінде командалар берілген уақытта ешкімді жоғалтпай, «толықтай паралармен миналанған» аймақтан өтуі қажет болы. Аталған кезең қатысушылар үшін қиын болып, 5 реттен барлық жігерін жинап командалар түзу жолды таба білді.

4 кезең. «Жағдайлар рингі» кезеңінде командаларға екі топқа бөліну қажет болды. Бірінші топқа лауазымды тұлғаның пара талап етуі бойынша шиеленісті жағдай ойлап табуы қажет болса, екінші команда аталған шиеленісті жағдайдан ҚР Конституциясын бұзбай өтуі қажет болды.

5 кезең. «Пазлдар» кезеңінде қатысушылар  орманда пазл бөлшектерін тауып, оларды біріктіру қажет болды.

6 кезең. «Қиялшылдар» кезеңінде командалар  өздерінің шығармашылық өнерін көрсетіп, қазыларға адал, сатылмайтын және ҚР Конституциясын бұзбайтын, жемқорлықты ойламайтын мемлекеттік қызметшіні суреттеуі қажет болды.. Портрет жақсы болды, КДМ «ЕПК» командасы аяқтағаннан соң, фотосуретке тусті.

7 кезең. «Туды алу» финалдық кезеңінде қатысушылар физикалық қиын кезеңнен сүрінбей өтіп, қала жастары арасында жемқорлық көріністеріне нақты «ЖОҚ!» деп айтуға өз дайындығын білдірді.

Сынақтарды өту барысында қатысушылар өздерінің алған әсерлерімен бөлісті, КДМ «ЕПК» басшысының орынбасары Анастасия Гриньнің сөзі бойынша: Осындай және осыған ұқсас іс-шараларды өткізу қажеттігін және олардың жастар арасында танымалдығын атап өтті.

Жалпы іс-шара жақсы деңгейде өтіп, қатысушылар жемқорлық жайында толық ақпарат алды.

 
0
0
584

Осы тақырып бойынша

Жастар жемқорлыққа қарсы - Yvision.kz