Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Жастар жемқорлыққа қарсы»

А.ж. 16 сәуірде мектеп ортасында рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Көкшетау қ. №11 орта мектеп-гимназиясының «Адал ұрпақ» клубының мүшелерімен кездесу өтті.

Кездесуге Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы С. Беккажанова, мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары К. Искакова, «Адал ұрпақ» клубының басшысы А. Темірболатова, сонымен қатар, жоғары сынып оқушылары – «Адал ұрпақ» клубының мүшелері қатысты.

Кездесу әңгімелесу түрінде өтті, мұнда әр оқушы «сыбайлас жемқорлық» терминіне анықтама беріп, осынау әлеуметтік зұлымдыққа қалай қарсы тұру жөніндегі өз ойларымен бөлісті.

Кездесу барысында «Адал Ұрпақ» мектеп клубының жұмысы талқыланды.  Сонымен бірге,  тақырыпқа сәйкес бейнероликтер ұсынылды.

Департамент госслужбы

0
0
424

Осы тақырып бойынша

«Жастар жемқорлыққа қарсы» - Yvision.kz