Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы

А.ж.  16-17 тамызы күндері «Жас Отан» жастар қанаты мен  Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының  ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған  «Ақмола жастары - Тәуелсіздік толқынында!»   жастар ақпараттық- насихаттық тобы  (бұдан әрі - ЖАНТ) облыс өңірінің Зеренді және Сандықтау  аудандарына барды.

Ақпараттық- насихаттық топтың мақсаты – облыс жастарын мемлекеттік саясаттың бағыттарымен таныстыру.

Екі күн ішінде облыстың ішкі саясат  және жастар саясаты мәселелері басқармаларының  мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарын  жүзеге асыру аясында  ҚР Мемлекеттік қызметістері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің өкілімен; Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының ақпараттық-талдамалық бөлімінің басшысымен;  «Жас Отан» ЖҚ Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасарымен аудан жастарының кездесулері өтті.

Департаменттің өкілі Сая Беккажанова: «Сіздер мен біздер бірлесе отырып, мемлекет пен қоғамның өзара әрекеттестігі саласындағы қарым-қатынастардың барынша адал болуы керектігін жұртшылықтың санасында қалыптастыруымыз керек», - деп сөзін қорытындылады.

Сонымен қатар, аудан басшылығының, ЖАНТ қатысушыларының, жастар активінің  қатысуымен пленарлық отырыстар өтті. Аталған отырыстарда кездесуге қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім, Реформалар, Даму» атты Қазақстан халқына Жолдауының орындалған мақсаттары мен міндеттері жөнінде және облыс аумағында жүргізіліп отырған  халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған  жұмыс туралы толық мәлімет алды.
Департамент госслужбы

0
0
405

Осы тақырып бойынша

Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы - Yvision.kz