Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жастар – прогрестің үні

Мен не үшін праймеризге қатысамын? Өйткені мен жаспын, жастардың көшбасшысымын. Жалындаған жас бола тұра, елдегі саяси жайлардан бейхабар өмір сүре алмаймын. Менің де қарекетім сол жүйеден байқалуы тиіс. Сондықтан праймеризге қатысамын. Елдің болашағы жастардың қолында. Батыстың бір философы «Жасыңды көрсет, болашағыңды баяндайын» дейді екен. Шыны керек, аға буын тарапынан жастарға көңілтолмаушылық, ренішті жиі байқаймыз. Дұрыс та шығар, дегенмен жастар прогресс, жаңашылдық. Прогреске көндіге қою, оған көңіл толу оңай болмайды. Біз қазақ жастары, туған жеріміздің патриотымыз. Біздің ертеңіміз жарқын, бүгініміз қарымды. «Nur Otan» партиясының партияішілік іріктеуі осындай қарымды жастарға мол мүмкіндік беріп тұр. Ел үшін, Отан-Ана үшін аянбай еңбек етуге жасалған жаңа қадам. Бастысы оған немқұрайлылық танытпау қажет. Жастардың үні – дәуірдің лебі. Біздің дәуірдің лебі қарқынды шығуы тиіс. Айжан БАЛАЖАНОВА, «Қарасай ауданының жастар ресурстық орталығының» жетекшісі, «Jas Otan» ЖҚ төрайымы.

0
0
145

Осы тақырып бойынша