Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

“Жастар Отанға" партиялық жобасы аясында

28.09.21 ж Көктал ауылындағы Абай атындағы орта мектепте "Nur Otan" партиясының “Жастар Отанға" партиялық жобасы аясында Аудандық мәслихат депутаты БЕГІМБЕКОВА ҰЛДАНА ҚУАНДЫҚҚЫЗЫНЫҢ басшылығымен “Ашық алаң” дебат клубы өз жұмысын бастады. Басты басымдық білімге құштар жастардың жалынды жігерін жандандыру арқылы айтары анық, ойы озық, пікірі нақты, дәйегі дәлелді, қадамы нық оқушылардың қоғамдық ортадағы орнын анықтаумен бірге, біліммен білгенін қатар алып жүретін озат шәкірттердің сөйлеу мәдениетін жетілдіру, шығармашылық, әрі топбасшылық қабілетін шыңдауға бағытталған. “Ел ертеңі - елім!” деген жастардың жолы ашық болсын ! Креативті клубтың келешекке берер кереметі де көп. Ерекше инсайт, тың идея берер білімділердің бағасы қашанда биік!" -дейді Ұлдана Қуандыққызы. Жаңа ғасыр - жаңа жастар!

#ЖастарОтанға

0
0
135

Осы тақырып бойынша

“Жастар Отанға" партиялық жобасы аясында - Yvision.kz