ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Наурыз мейрамы» тойланды

22 наурыз - Ұлыстың ұлы күнi. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды. Бүкiл Шығыс халқына ортақ бұл мейрамда араздасқандар татуласып, дүйiм халық, мұқым ел ауызбiршiлiкте болады. 

Бүгін Жастар бастамаларын дамыту орталығы ғимаратында «Қазаққа көктем келгенде» атауымен Ұлыстың Ұлы Күні Наурыз мейрамы тойланып, бар сән-салтанатымен өтті. Оған негізгі себепкер болған «Аналар Үйі» Қоғамдық қоры, Жастар үйі, Кенжекөл ауылының отбасы типті балалар ауылы өкілдері мен колледж студенттері.

Алаша кілемдер төселген залға 12 дастархан жайылып, ұлттық тағамдармен толтырылды. Әсем ән мен күмбірлеген күймен басталған мерекелік іс-шара спорттық ойындармен жалғасын тапты.

Келген қонақтар қонақ кәде ретінде қазақтың ұлттық билері «Қамажай» мен «Қаражорға» билерін биледі. Іс-шараның соңында қазақтың әдемі дәстүрлерінің бірі «Тұсау кесер» рәсімі жасалынды.


Ынтымағы жарасқан көп ұлтты елiмiздiң осы бiрлiгiн Құдай ұзағынан сүйiндiргей! Әрбiр шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын! Мұсылман қауымына Исламның 7 байлығын тiлеймiз. Ұлыстың Ұлы күнi құтты болсын, ағайын!

Алтынбек Мақсатхан