Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жастарға мемлекеттік әкімшілік және құқық қорғау қызметіне орналасу тәртібі туралы

   

А.ж. 7 тамызында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Көкшетау қаласының жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп жұмыссыз жастармен, жоғары оқу орындарының және орта арнаулы оқу орындарының түлектерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Департамент қызметкерлері әзірлеген мемлекеттік қызметке орналасу кезеңдерінің әр қадамын түсіндіретін видеоролик көрсетілді.

Кездесудің модераторы –  Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Б.Беспалинов. Өз сөзінде Б.Беспалинов меритократия қағидаларына, мемлекеттік қызметтің маңсаптық үлгісіне, мемлекеттік қызметшілердің үздіксіз білім алуына, қызметін тиімді атқарған мемлекеттік қызметшілерді ынталандырудың жаңа жүйесі туралы айтты.

Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Р.Братаева кездесуге қатысушыларды мемлекеттік қызметке орналасу тәртібімен таныстырып, тестілеу бағдарламаларын егжей-тегжейлі түсіндірді, конкурсқа дайындалу бойынша ұсыныстар берді.

Кездесудің екінші бөлігі «Сұрақ-жауап» форматында өтті, қатысушылар мемлекеттік әкімшілік және құқық қорғау қызметіне орналасу жөніндегі сұрақтарын қойып, оларға жан-жақты жауаптар берді. Жастардың мемлекеттік қызмет саласындағы реформалау туралы ақпараттандырылуын зерттеу мақсатында қатысушылар арасында сауалнама жүргізілді.

Іс-шараның аяғында қатысушыларға мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі туралы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі брошюралар таратылды.

Іс-шараға 42 адам қатысты.

0
0
302

Осы тақырып бойынша

Жастарға мемлекеттік әкімшілік және құқық қорғау қызметіне орналасу тәртібі туралы - Yvision.kz