Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар бойынша кеңес берілді

«Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты Қызылорда қалалық филиалының ұйымдастыруымен "Жастар Отанға" жобасы бойынша эфир арқылы кездесу өтті. «Qosyl қалалық жастар ресурстық орталығында қала жастарына мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі мен жобаларды жүзеге асырудың жолдары түсіндірілді. Әсіресе, көпшіліктің сауалына сәйкес басымдық «Дипломмен ауылға» жобасына бағытталды. Онлайн шарада қалалық ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы Жадыра Есмағанбетова жастарға кеңес беріп, бағдарламаға еңгізілген өзгерістерді атап өтті. Сонымен қатар, тікелей эфир барысында тақырып аясында жолданған сауалдарға жауап беріп, қала жастарының бағдарламалар мен жобаларға қатысты біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік болды.

Айта кетейік, «Дипломмен ауылға» бағдарламасының мақсаты - ауылдық елді мекендердегі білікті маман тапшылығының орнын толтырып, мамандар ағынын арттыру.

0
0
259

Осы тақырып бойынша

Жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар бойынша кеңес берілді - Yvision.kz