Жаскент БПҰ-да Zoom платформасы арқылы жиналыс өтті.
«Nur Otan» партиясының құрылымдық бөлімшелерінде есеп беру-сайлау науқанын дайындау және ұйымдастыру бойынша Жаскент БПҰ-да Zoom платформасы арқылы жиналыс өтті.
Жиналысқа Панфилов аудандық партияның саяси кеңес бюросының мүшесі Ыбраймолдаев Мақсат Талғатұлы арнайы қатысты.
Күн тәртібінде БПҰ-ның 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары туралы есеп және алдағы кезеңге арналған міндеттер; Төрағаны және төрағаның орынбасарын, қажет болған жағдайда – БПҰ Бюросын сайлау; Партияның тиісті аумақтық филиалының конференциясына делегаттарды сайлау мәселелері қаралды.
Жиын соңында жоғарыда айтылған күн тәртібіндегі үш мәселе бойынша шешім қабылданып, бірауыздан мақұлданды.
