«Жасөспірімдер және заң»
«Жасөспірімдер және заң»

«Павлодар сервис және тамақтандыру колледжі» 23 қаңтарда өзінің төріне заң қызметкерлерін жинады. «Азамат» құқықтық клубы «Жасөспірімдер және заң » тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Аталмыш шараға КММ «Жастар бастамаларын дамыту орталығының» мамандары инспектор –психолог Искакова Сәуле және инспектор – заңгер Халимова Толғанай барды. Студенттер мамандарға сұрақтар қойды. Ал мамандар барынша тұщымды жауап беруге тырысты.

Бүгінгі күнде заңды білмейтін жастар көп жағдайда қателіктерге ұрынып жатады. Қиын жағдайлар қоғамда болмауы үшін жастардың заң жағынан сауатын ашу керек. Сондықтан заңға байланысты іс – шаралар көп ұйымдастырылуы қажет.

