жасөспірімдер арасындағы өзекті мәселе
Қазіргі таңда жасөспірімдердің көбінде мінсіз болу сезімі кернеген. Бұл жасөспірімдер арасындағы өзекті мәселелердің бірі. Олар өздерінің идеалдары сияқты сұлу да сымбатты болуға ұмтылады. Әрдайым өздерінен кемшілік іздеп, оларды түзетуге тырысады. Мысалы қыздар дене бітімін сақтау мақсатында түрлі диеталарға отырады немесе бет-әлпеттерін ұнатпай, пластикалық оталар жасайды. Нәтижесінде өздері жаңа ауруға тап болып, өз денсаулығын қорлайды. Ал бұндай қадамдарға барудың бірден-бір себебі олар әр түрлі стереотиптарға беріледі де өздерінің көріктілігін байқамайды. Әрине, әр адамның сұлу болғысы келетіні рас. Алайда, бұған қол жеткізудің басқа да жолдары бар. Мысалы, диеталар сақтап, денсаулығыңа зиян келтіргенше, спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтанған жөн. Сол сияқты мақсатқа жетудің басқада пайдалы жолдарын қарастыру керек. Мінсіз, идеалды адам болмайды. Сондықтан, үақытша стериотиптерге бағынбай, ең бастысы жүрек қалауы бойынша өмір сүрейік.
