Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жас отбасылармен кездесу өтті

Бүгінде өз отауларын құрып, еншісін алған жас отбасылардың тұрмыс-тіршілігінің жақсы деңгейде болып, сапалы өмір сүрулері үшін қажетті мүмкіндіктер қарастырылған. Жастар үшін мемлекет тарапынан тиісті бағдарламалар мен жобалар қолданысқа енгізіліп, кең өріс алуда. Осы негізде «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында жас отбасылармен кездесу өтті.

Кездесу барысында партия мүшелері жас отбасылардың алдында кезігетін сындарлы сәттен сүрінбей өтіп, отбасылық жетістіктерге бірлесіп жетуге тілектес екендіктерін жеткізді. Сондай-ақ, олардың тарапынан мемлекеттік бағдарламаларды тиімді қолданып жатқаны да айтылды.

- Өзім мұғаліммін. Жас маман ретінде үкіметтің түрлі бағыттағы бағдарламаларының шапаратын көрдім. Жас отбасыларға да тиісті қолдаулар көрсетіліп келеді. Тек, біз ұтымды түрде жүзеге асыра білуіміз керек, - деді Мөлдір Алудаева.

Айта кетерлігі, жоба аясында кездескен отбасылар әр саланың мамандары. Кездесу барысында жас отбасылар айқын жоспарларымен бөлісіп, сол тұрғысында қажетті сұрақтарға да жауап алды.

0
0
205

Осы тақырып бойынша

Жас отбасылармен кездесу өтті - Yvision.kz