Жас кәсіпкерлер клубының жаңа маусымының ашылуы
Аңдатпа
Жас кәсіпкерлер клубының жаңа маусымының ашылуы.
Әр азамат кәсіпкерлікпен айналысуға құқылы. Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарамасы «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» осыны ескере отырып «Жас кәсіпкерлердің клубын» 2013 жылы ашты.Орталық мамандарының басты мақсаты: өңірлік кәсіпкерлікті дамытып, жастарға бұл саланың қыр – сырын үйрету. Ал 2015 жылдың 23 қаңтарында клубтың жаңа маусымы ашылмақ.
Шара барысында адам үшін алынбайтын қамал жоқ екенін дәлелдейтін ойындар өткізіледі. «Жұлдызды сағат» атты ойын өтеді. Бұл ойын барысында сіздер таңдаған мамандық жайлы тоқталасыздар және үшінші ойын жақсы кәсіпкер болу үшін қандай болу керек? Неліктен жақсы кәсіпкерлер аз? – деген сұрақтарға ойын арқылы жауап ала аласыздар.
Сіздерді 23 қаңтарда Ломов көшесі №38, «Жастар бастамаларын дамыту орталығында» сағат 15:00 күтеміз.
