ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Қ. Жапақовтың Ақмола облысындағы жұмыс сапары облыста арнайы құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтың құрамында жалғасты

А.ж. 5 сәуірі күні Мобильді топ облыс орталығында орналасқан «Інжу» тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен және Ақмола облыстық ауруханасының ұжымымен және пациенттерімен кездесті.

Республикалық «Есіктен – есікке» акциясы аясында өңір тұрғындарына коммуналдық қызмет төлемдеріне арналған түбіртектерге сыбайлас жемқорлықтың құрбаны немесе куәгері болған жағдайда қоңырау шалу үшін call-center телефоны көрсетілген  жадынама-парақшалар бекітіліп, бірге таратылатынын атап өткен жөн.

Облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мекемесінің басшысы Берген Беспалинов: «Осындай түбіртектерді облыстың барлық тұрғындары алатын болады. Ол үшін біз халық көп жиналатын жерлерге, атап айтқанда, емдеу мекемелеріне, сауда орталықтарына, жоғары оқу орындары мен колледждерге, вокзалдарға  шығамыз, LED-экрандарды пайдаланамыз. Біз сыбайлас жемқорлықтың жамандық екенін, ол үшін заңмен қылмыстық жауаптылық көзделгенін, сонымен қатар, егер оған қатысты құқыққа қайшы сыбайлас жемқорлық іс-қимыл  жасалған жағдайда телефон шалу үшін  call-center телефонын жұртшылық назарына жеткізгіміз келеді», - деп атап өтті.

Департамент госслужбы