Жамбыл облысының тұрғындарының назарына! 24.02.2015
Жамбыл облысының тұрғындарының назарына!
2015 жылдың 4 наурызда сағат 9.00 ден 17.00-ге дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша Департаментінің басшысы Мақсат Аманқұлұлы Қожабаевтың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес және мемлекеттік қызмет мәселелері» тақырыбында интернет- конференция өтеді.
Сұрақтарыңызды «Магнолия» газетінің редакциясынның электронды поштасына [email protected] немесе әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазуыңызды сұраймыз. Маңызды және қызықты сұрақ- жауаптар газеттің келесі нөмерінде жарияланатын болады.
www.vk.com/anticorruption_tz
www.facebook.com/anticorruption.tz
www.twitter.com/DepartamentTz
[email protected]
Қожабаев Мақсат Аманқұлұлы 1974 жылы 13 наурызда дүниеге келген. Е. А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Заңгер- құқықтанушы» мамандығы бойынша бітірген. 14 жыл бойы прокуратура саласында жұмыс атқарып, соңғы 2 жылда Қызылорда облысы бойынша экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басшысы болған. 2014 жылдың қараша айында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша Департаментінің басшысы лауазымында. «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.Отбасылы, екі баласы бар.
