«Жалған ақша жасаушылық және заңсыз ойын бизнесі» жайында дөңгелек үстел
«Жалған ақша жасаушылық және заңсыз ойын бизнесі» жайында дөңгелек үстел
Бүгін, Жастарға Қызмет Көрсету Орталығында Қазақстан Республикасының кірістер комитеті Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департменті бастауымен «Жалған ақша жасаушылық және заңсыз ойын бизнесі» жайында дөңгелек үстел өткізілді. Тарихтың өзі көрсетіп отырғандай, ақшаның пайда болуынан кейін бірден оның жалған даналары да жарыққа шықты. Әрине, ақшаның өзі жалған ақша жасаушылықтан әлдеқайда бұрынырақ шықты, бірақ онымен бұл тақырып бітпейді.
Осыған орай Павлодар облысы бойынша жымысқы экономика Мемлекеттік кірістер департаментінің жетекшісі Омарбеков Мади Қасымтаевич және аға офицер Альпиимов Дамир Серикович Орталық қызметкерлерін берілген бағыт бойынша ақпараттандырып, оның алдын-алу жолдарына көз шалдыртып кетті. Егер де, жалған ақшаларды, бағалы қағаздарды жасау немесе өткізу фактілері анықталған жағдайда, Департаменттің тергеу-жедел тобының шұғыл түрде шығуы үшін, Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің кезекші бөліміне 61-29-19, 32-29-21, 61-33-05 телефондары бойынша дереу хабарласуыңыз жөн болады.
