Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жақсы адам жүр жанымызда

Алғыс айту күніне орай түрлі жас санатты жастардың жеке қасиеттері мен қабілеттерін дамыту саласын кеңейту мақсатында «Жақсы адам жүр жанымызда» атты кездесу өтті. Шара аясында Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сі мен  қиын өмірлік жағдайға душар болған 11 мекеме оның ішінде: Павлодар қаласының белгілі баспанасы жоқ бала-шағалы әйелдерді әлеуметтік-психологиялық оңалуы мен бейімделу орталығы» КММ-сі, «Павлодар облыстық қан орталығы» КМҚК, «Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансері» КМҚК, «Облыстық кәмелетке толмағандардың бейімделу орталығы» ММ, «Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік мәселелері республикалық ғылым-практикалық орталығы» РМҚК,«Кенжекөл а. отбасы үлгісінідегі балалар ауылы» ММ, Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы білім беру  басқармасының «Жас ұрпақ» КМҚК,  «Болашақ» Павлодар ауданы поликлиникасының Жастар денсаулық орталығы» КМҚК, «С.Торайғыров атын. облыстық біріктірілген ғылыми әмбебап кітапханасы» КММ-сі, Павлодар облысы қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің Павлодар қаласының пробация қызметі, «Самал» сауықтыру орталықтары  арасында өзара ынтымақтастық туралы салтанатты түрде  меморандумға қол қою рәсімі ұйымдастырылды.

Кездесуді Жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры Садықова Айгүл Абылайханқызы құттықтау сөзімен бастап, орталықтың есігі әрқашан ашық екенін жеткізді.Аталмыш мекемелер ынмақтастығы 14 пен 29 жас арасындағы жастардың психологиялық және әлеуметтік бейімделуіне, оларды қоғамдық іс-шараларға тартуға және бос уақытын ұйымдастыруға себін тигізеді.   Шара барысында әр мекеме қызметін презентация түрінде таныстырды.

«Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сі жыл бойында әрекет ететін түрлі форматтағы іс-шаралар мен акцияларды ұйымдастыруда жүйелілік пен кешенділік қағидасын ұстанады.

     
0
0
538

Осы тақырып бойынша

Жақсы адам жүр жанымызда - Yvision.kz