Жаңа мамандармен — жаңа белеске
Біздің орталыққа тағы бір қызметкер қосылды. Өткен жұмада жастар бастамаларын дамыту орталығының инспекторы, тіл маманы болып Ерболат Амренов өз жұмысын бастады. 
Ұжымымызға қосылған Ерболат жайында біраз дерек айта кетейік. Ол Екібастұз қаласы, Тай ауылында дүниеге келген. 2013 жылы мамандандырылға «Зерде» дарынды балалар мектебін, 2017 жылы Екібастұз политехникалық колледжін үздік бітірген. Қазір Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының филология және тарих кафедрасында білім алып жатыр.
Жастығына қарамастан Ерболат өңірімізге танылып үлгерген жас ақын. «Қыркүйікте көктем бар», «Қалқа жүрек» кітаптарының авторы. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыстың мәдени өміріне белсене араласқаны және мемлекеттік жастар саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін облыс әкімі Болат Бақауовтың алғыс хатымен марапатталған.
Ұжымымызға осындай қызметкерлер қосылғанын біз мақтан тұтамыз. Еңбегіңізге жеміс, қызметіңізге табыс тілейміз.
