"Жаңа буын ірі проблемаларды шеше алатындай болулары
"Жаңа буын ірі проблемаларды шеше алатындай болулары, сондай-ақ өзгерген экономикалық және технологиялық жағдайларға бейімделе білулері тиіс, сондай-ақ олардан ғаламдық трендтерді екі қадам бұрын сезіне отырып, қалыптасқан жағдайларды тиімді түрде пайдалана білу талап етіледі",- деп еліміздің Тұңғыш Президенті, "Nur Otan" партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ел ертеңі жастарға зор сенім білдіріп, жас буын өкілдері талпынысы мен білімін, қарым-қабілеттерін мемлекет және қоғам дамуының қозғаушы күшіне айналдыратынына үлкен үміт артатындығын жеткізген болатын.
Партия жастар болашағына бей-жәй қарамай олардың арман-мақсаттарының жүзеге асуы үшін зор мүмкіндік сыйлайды. Осыған орай бүгін жастар бірлестіктерімен "Жастар-Отанға" тақырыбында кездесу өтті. Кездесу онлайн форматта zoom бағдарламасы арқылы жүргізілді. Кездесу барысында партияның жастарға арналған бағдарламалары таныстырылып, жас буын өкілдерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
