"Жүз жасаған бәйтерек" такырыбында сторителлинг өтті.
«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында, Кішішыған ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен "ұлы дала жыршысы" атты кітап көрмесі жасалынып, "Жүз жасаған бәйтерек" такырыбында сторителлинг өтті. Мақсаты: Жамбыл Жабаевтың өмірі, шығармашылығымен таныстыру, ақындық талантын оқырман жүрегіне ұялату, олардың өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, патриоттыққа тәрбиелеу.
Биыл жыр алыбы Жамбылдың 175 жылдығы аталып өтуде.
Кеш аясында кітапханашы Ж.Жабаевтың өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстырды. Жамбыл Жабаевтың есімі көптеген үлкен қалаларға, аудандарға, мектептерге, ресейлік қалалардың, атап айтқанда: Санкт-Петербург пен Липецкідегі тұйық көшеге, Ижевскідегі көше мен тұйық көше, Волгоград, Иркутск, Курган, Тижний Новгоро, Новосибирск, Хабаровск көшелеріне берілгенін айтты.
