Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру»

«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 394 Қаулысымен бекітілген. Мемлекеттік қызмет «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес жүргізіледі.
Мемлекеттік қызмет 3 жұмыс күнінде айын болады. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушылар мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жеке басын куәландыратын құжаттар:
Қазақстан азаматтары – жеке куәлік (паспорт);
шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхаты және азаматтығы жоқ адамның ішкі істер органдарында тіркелгені туралы белгісі бар куәлігі;
оралмандар – оралман куәлігі;
2) мемлекеттік қызмет алу үшін барған орталық беретін толтырылған өтініш нысанын.
 
0
0
258

Осы тақырып бойынша

«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» - Yvision.kz