Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жұмыс іздеуші жастарға..

2016 жылдың 7 қазаныңда Жастар бастамаларын дамыту орталығында кезекті  бос қызмет жәрмеңкесі өткізілді. Түрлі сфералардан бос қызмет орындары қарастырылып, жұмыс іздеуші жастарға жақсы мүмкіндіктер ұсынылды.

Бос қызмет жәрмеңкесінде бос жұмыс орындары туралы ақпаратты қаланың осындай ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының өкілдері: «Алюминий Казахстана» АҚ-сі,  «Кастинг» ЖШС, «KSP Steel» ЖШС, «Феликс» сауда және өндірістік компаниясы, «Inter Snack» ЖШС, Павлодар қаласының №2 балабақшасы, Инновациялық Еуразия Университеті, «Альфа-Банк», «Қазақстан Халық Банк» АҚ-сі, «Алтын Орда» КМҚК- сі, «Гуйру» лағман орталығы, «Аравия» мейрамханасы, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-сі, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-сі (БЖЗҚ), «АTD.KZ» ЖШС-сі, «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ-сі т.б ірі кәсіпорындары қатысты.

Бос қызмет жәрмеңкесі жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту мақсатында ұйымдастырылды. 180 ге жуық жұмыссыз жастар өздерін қызықтырған бос қызмет  орындармен танысып, кеңес алды, түйіндемелерін қалдырды.

Хабарландыру!

Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты Черноярка ауылының ауыл шаруашылығы жеміс-жидектерді жинауға жастарды жұмысқа шақырады. Егер сізді бұл жұмыс қызықтырса, 8 қазан күні сағат 07:30 да Ломов 38 көшесінде орналасқан Жастар бастамаларын дамыту орталығында күтеміз.

 

0
0
1152

Осы тақырып бойынша

Жұмыс іздеуші жастарға.. - Yvision.kz