Мазмұнға өту
Обложка сообщества Книги

Жәлменде би

Қазақ тарихында танымал ұлы тұлғалар, батырлар, би-шешендер, ақын-жазушылар баршылық. Олар туралы көптеген көркем шығармалар жазылған.

Ұзақбай Доспанбетов өзінің «Жәлменде би» атты шығармасында өз елінде сөзімен де, ісімен де белгіліболған кісі туралы баяндайды.

Бұл романында ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген, Іле мен Қаратал өңірінде басшылық қызмет атқарған би мен оның баласы Пішән жайында айтылады. Романда Жәлменде би қазақтарды отырықшылық тұрмысқа, егіншілікке, сауда-саттыққа баулыған, ағаш үйлер, мектеп салдырған. Саяхатшыларға түрік шежіресін жаздыртқан, басқа да алуан істер атқарған.

Ал баласы ақын, сазгер Пышан Жәлмендеұлы 1884 жылы Талдықорғанның Қаратал ауданы, Байшегір ауылында дүние келген. 18 жасында болыс болған. Кеңес үкіметі орнағаннанкейін де ел басқарған. 1921 жылы жаламен абақтыға қамалып, өлім жазасына кесілген. Оның артында қалған «Қайша», «Дүние-ай», «Ала қарға» атты сырлы да, сазды әндері ел аузынан жиналып, нотаға түсірілген.

Тарихта аттары қалған белгілі тұлғалар туралы біліп жүрейік.

0
0
596

Осы тақырып бойынша

Жәлменде би - Yvision.kz