Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жұлдыздар тоғысқан

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы киноэпопеяның жалғасы «Жұлдыздар тоғысқан». «Жұлдыздар тоғысқан» филімінің премьерасы Павлодар қаласында «Ертіс синема» кинотеатрында көрсетілді. Бұл премьераны Павлодар облысының әкімі Болат Жұмабекұлы Бақауов және облыстың зиялы қауымы мен жастары тамашалады.

Ресейлік кино маманы, режиссер Сергей Снежкинның туындысы ҚР Президентінің өмірі мен қызметіне арналған. Жаңа фильм Нұрсұлтан Назарбаевтың өміріндегі аса қызықты кезеңді, Елбасының 1984 жылы Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалып, 1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланғанға дейінгі кезеңді қамтып отыр.

Басты рөлді еліміздің танымал актері Берік Айтжанов сомдаған.

Фильмде: Алтынай Нөгербек, Алдабек Шалбаев, Азамат Сатыбалды, Ғани Құлжанов, Еркебұлан Дайыров, Жанель Мақажанова, Динара Бақтыбаева, Қарлығаш Мұхамеджанова және басқа да актерлер ойнады.

Кинотуындыда Михаил Горбачев, Борис Ельцин, Джордж Буш пен Билл Клинтон, Сауд Аравияның королі Фадх ад-Сауд, Палестина көсемі Ясир Арафат сынды әлемдік тұлғалардың образдары бар.

3 сағат 20 минутке созылған бұл филім көрермен көңілінен шықты. Келер ұрпаққа заманауи форматтағы тарихтан шолу десекте болады.

 
0
0
817

Осы тақырып бойынша

Жұлдыздар тоғысқан - Yvision.kz